Қалалық қоғамдық-саяси газет

Біреуін сүйреп, біреуін ұшырды: Таразда жүргізуші аялдамада тұрғандарды мерт қылды (видео)

0 857

Тараздық жүргізуші таңертең аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Екі адам көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға түсті,  деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов мәлім етті.

15 қыркүйекте Таразда Сейфуллин көшесімен Бауыржан Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған.

«Факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді Жанат Сүлейменов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.