Қалалық қоғамдық-саяси газет

ТАРАЗДАҒЫ НЗМ «НҰР» БИ АНСАМБЛІ – VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ І ДӘРЕЖЕЛІ ЛАУРЕАТЫ

0 17

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің «Нұр» би ансамблі 2020 жылдың 14-17 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен VI халықаралық «Grand premium» өнер байқау-фестивалінде І дәрежелі лауреат атанды.

Мектептің би ұжымы сахнада қазақ халық билерімен өнер көрсетіп, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның 20-дан астам би ансамбльдерінің арасында бірінші орынға ие болды.

Хореографиялық өнер саласындағы байқау нөмірлерін еліміздің үздік концерттік алаңдарында және өнер университеттерінде жұмыс істейтін атақты хореограф-педагогтар бағалады. Олар өнерпаздардың техникалық дайындығына, композициялық құрылымына және бишілердің әртістік өнеріне ерекше мән берді.

– Байқауға ең үздіктердің үздігі қатысты. Алайда, әсерлі де тартысты күреске қарамастан, сахна артында достық атмосферасы орнады. Тәжірибелі бишілер жас конкурсанттарды қолдап, кеңестерімен бөлісіп отырды. Бұл байқау биші қыздарымызға жаңа хореографиялық биіктіктерді бағындыруға жақсы ынта болмақ, – деп атап өтті би тобының жетекшісі Ботагоз Мещерская. 

Біз «Нұр» би тобын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.