Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздағы базарларда ауқымды дезинфекциялау жұмыстары басталды

0 1  555

Тараз қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстары басталды.

Залалсыздандыру жұмыстары бүгінгі таңда «Орталық базар», «Ауыл береке», «Якка сарай», «Арзан», «Береке», «Мыңбұлақ», «Айрылмас», «Қайқармет» базарларында жүргізілуде.
Залалсыздандыру жұмыстарына 30-дан аса адам жұмылдырылды. Дезинфекциялық өңдеу үшін адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-ші сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылуда.

Аталған шаралар базарларда апта сайын тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.