«Ұлы дала» шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары басталды. Нысан пайдалануға берілсе, 1000-ға жуық бала спорттың 10 шақты түрінен жаттыға алады.
Спорт кешенін салудағы мақсат – қала тұрғындары, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды дене шынықтыру, спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту.
Кешеннің орналасқан мекенжайы – «Ұлы дала» (15) шағынауданы, Шолпан Жандарбекова көшесі, 31 жер телімі.
Жобада әмбебап зал, бокс залы, гимнастика, күрес, жаттығу залы, таеквандо, воркаут алаңы және кіші футбол алаңшасы қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарының мердігері – «Агро Спецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
