Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда Тәуелсіздік тойына тамаша тарту дайындалуда

0 214

Таразда облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» жобасы жалғасын табуда. Жоба аясында биыл  Тараздың 30-дан астам көшесі жөнделуде.  Оған бюджеттен 1 млрд. 120 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бүгінде Б.Момышұлы көшесі күрделі жөндеуден өтсе, көптеген көшелер мен бұрылыстарға асфальт төселуде.

Сондай-ақ, қалада 30 жылдыққа орай 30 спорт нысаны салынуда. Оның 13-і «Таразға тарту» жобасы аясында ел игілігіне берілді. 4 жаңа футбол алаңы мемлекет есебінен салынса,  «Мұз айдыны», «Бокс сарайы», «Үстел теннисі мен гимнастика» орталығы секілді өзге де нысандар құрылысы жүруде.

Бұдан бөлек, жоба аясында 30 балалар алаңы ашылады. Оның 13-і «Таразға тарту» жобасы аясында ел игілігіне тапсырылып үлгерді. Ал қалған 12-сі мемлекет, 5-уі демеушілер есебінен салынуда. Алаңдар 3 жас ерекшелігіне, яғни 2-7 жас, 7-14 жас және 14-тен жоғары болып бөлінген. Қауіпсіздік үшін арнайы жабындылар төселіп, жаттығуға қажетті құралдар орнатылған.

Сонымен қатар, «30 игі іс» шеңберінде 30-дан астам көшені жарықпен қамтуға 200 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа биыл 34 көше жарықтандырылады. Әсіресе, мектептер мен балабақшаларға барар жолдарға баса назар аударылады.

Қалада  2021-2023 жылдарға арнайы жоспар бекітілген.  Алдағы 3 жылда 207 нысан жарықтандырылса, 230 көше мен бұрылыс (261,8 шақырым) көше жөнделіп, 241 аула абаттандырылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.