Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда әкімдікке қарасты мекеме басшылары есеп беруде

0 87

Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаев әкімдікке қарасты мекеме басшыларының есебін тыңдауды бастады. Алғашқы есеп «Жамбыл су» МКК-да өтіп, мекеме қызметкерлерінің пікірі тыңдалды.

Тараз қаласындағы «Жамбыл су» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1952 жылы құрылған. Қала аумағын таза ауыз сумен қамтиды. Бүгінде 5 мыңнан астам заңды және 99 мыңға жуық жеке тұлға болып табылатын тұтынушысы бар. Өткен жылы атқарылған іс аз емес. Жаңа басшылық, жаңа талаптар, жұмыстың жаңа жүйесі енгізілген. Мәселен, кәсіпорын 2020 жылды -227 млн.тг шығынмен аяқтаса, 2021 жылғы шығын -25 млн.тг-ні құрап отыр.
Мұндай нәтижеге шығындарды үнемдеу арқылы қол жеткізілген.
1. Жанар-жағар май шығынын 10,0 млн.теңгеге үнемделді;
2. Электр-энергия шығыны 70,0 млн.теңгеге төмендетілді;
3. Штат санын 609 адамнан 588 адамға, яғни, 21 адамға қысқарту нәтижесінде 36 млн.теңге үнемделді;
4. Материалдарды сатып алуды бір көзден сатып алуға тыйым салу нәтижесінде 30,0 млн.теңге үнемделді;
5. Салық төлемдерінің уақытылы бюджетке аударылуы нәтижесінде қосымша үстем ақы төлемдерін болдырмау нәтижесінде 4,0 млн.теңгеге дейін қаражат үнемделді.

Өткен жылы және жыл басында абоненттерден жиналатын табыс айына орташа есеппен 143 млн.тг болса, жыл соңында 211 млн теңгеге жетті.
Кәсіпорындағы ең өзекті мәселелердің бірі су және кәріз құдықтарда орналасқан люктердің сынуы мен ұрлануы. Теңгерімде 16 мыңнан астам люк бар. 1 жылда 864 дана люк ұрланған. Бүгінде әр люктің орташа құны 27-28 мың теңге екендігін ескерсек, мемлекетке келетін шығын көлемі де аз емес. Бүгінде бетон люктармен амалдап отырған мекеме, бұл мәселенің шешімі емес дейді. Сондықтан биыл 2400 люк сатып алуға бюджетке өтінім берген.
«Жамбыл су» МКК-да күнделікті жұмыс барысында 69 көлік техникасы жұмыс істейді. Олардың дені 25 жылдан астам пайдаланылғандықтан тозығы жеткен. Сондықтан биыл 8 техника сатып алу жоспарланып отыр.

Есепті тыңдаған қала әкімі Е.Жылқыбаев мекеменің өткен жылғы жұмысына оң бағасын берді. Дегенмен де, бірнеше өзекті мәселені жіті назарда ұстау керектігін ескертті. Мәселен, таза ауыз судың да сарқылатын кезі келеді, суды ысыраппен пайдалануға жол бермеу керек. Өйткені, суды үнемдеу, толық төлемақыдан жалтаратын абоненттерді анықтау, ескірген су құбырларын кезең-кезеңімен ауыстырып, судың сапалы болуын қамтамасыз ету мәселесіне жіті назар аудару керек. Сөзін осылай түйіндеген қала әкімі кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыратын деңгейге жетіп, цифрландыруды қолға алу қажет екендігін де баса айтты.

Жиында сөз алған қызметкерлер де мекемеде жұмыстың жүйелі екендігін атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.