Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

0 579
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді 27-29 қыркүйек күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтетін «Тараз – қолөнершілер қаласы» III Халықаралық қолөнершілер көрмесіне келуге шақырамыз!
Көрмеге еліміздің үздік қолөнершілері, алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар, еліміздің мәдениет және өнер саласының майталмандары, колөнершілерді қолдау қорлары мен ұйымдары, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария, Болгария, Моңғолия, Үндістан мемлекеттерінің қолөнершілері қатысады.
Үш күнге есептелген шара аясында қолөнершілер көрмесі, кәдесый өнімдерінің жәрмеңкесі, сән топтамаларының көрсетілімі, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, гала-концерт өтеді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.