Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда ардагерлер айрықша ардақталды

0 362

Биыл Ұлы Жеңістің таңы атқанына 77 жыл толды. Талай шаңырақты шайқаған сұрапыл соғыстың жарасы әлі де жүрек сыздатады. Сол үшін де майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді.

Айтулы мерекеге орай облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік орган мен мекеме қызметкерлері «Жеңіс» саябағындағы даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Сондай-ақ шаһардағы А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов, З.Космодемьянская мен Т.Тастандиев ескерткіштері, Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл қаласындағы гос- питальдерде жарақаттан қаза болған Совет армиясы жауынгерлеріне арналған обелиск, «Даңқ» аллеясы, 1941-1945 жылдары оққа ұшқан жауынгерлердің стеласына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, Отан үшін от кешкендерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Осы күні шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев қарт майдангер Мүтәліп Ережепбайдың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
– Сіздің өмір жолыңыз, еңбегіңіз өзгелерге үлгі. Біз сіздердің жеңіс жолын жақындатқан ерліктеріңізді ешқашан ұмытпаймыз, – деген Ержан Жұматұлы ардагерге ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сияпат жасады.
Өз кезегінде ақсақал ізгі лебізін жеткізіп, ақ батасын берді.

Құрбанәлі Шахабай 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.