Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда Алексей Маслаковтың шығармашылық кеші өтті

0 240

Үстіміздегі  жылдың 20 қарашасында Тараз қаласының  «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  орыс автор-орындаушысы Алексей Маслаковтың шығармашылық кеші өтті. Ұйымдастырушы «Радонеж» Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі болды. 

Іс-шара Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облыстық орыс драма театрының қолдауымен өтті.  

Өнер адамының өз әндері орындалумен қатар, Болат Окуджава, Евгений Евтушенко, Владимир Высоцкий, Александра Гармаш және т.б. шығармалары орындалып, көрермендер жүрегіне жол тапты. 

Кеш барысында жиылған жұрт іс-шара себепшісі, автор-орындаушы Алексей Маслаковтың шығармашылығы жөнінде өзіне сауалдар қойып,  өзі туралы айтып беруді өтінді. Бірнеше әдемі әндер жинағының авторы Алексей өзінің Тараз қаласында туылып, Ресейдің Симферополь қаласында музыкалық училищеге түсіп, кейіннен 1994 жылы біржола Ресейге көшкендігі жөнінде де әңгімелеп, көрермендерге биографиясынан мағлұмат берді.    

Іс-шара соңында «Радонеж» Орыс қауымдастығы » қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин Алексей Маслаковқа алғыс хат табыс етті. 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім»

 КММ Баспасөз қызметі орталығының 

баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.