Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының бас имамы тағайындалды

0 644

Тараз қалалық «Әулиеата» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Ол үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы барды.

Облыстың бас имамы жұма уағызын айтып, мешітке бас имам қызметіне келген Ержан Аманбаевты жамағатпен таныс- тырды. Облыстың бас имамы өз сөзінде Ержан Маханұлының жетістіктері мен білімін тілге тиек етіп, ісіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Ержан Аманбаев бұл уақытқа дейін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған. Сондай-ақ өңірдегі қажылық, зекет және қайырымдылық, жастар ісі секторы, «Уақып қоры», «Ихсан» сынды бағыттар бойынша да белсенді еңбек еткен білікті маман.
– Қаланың жаңа бас имамына жүктеліп отырған міндеттер жеңіл емес. Тараз – тұрғындарының көптігімен қатар, туристер үзілмейтін қала. Мұндай шаһардың мешіттері де талапқа сай болуы тиіс. Сондықтан маған сенім артып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиге, облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевке шынайы алғысымды айтқым келеді. Таразда 30-дан аса мешіт бар. Төрт жүз мыңға жуық халық бар. Жастар тәрбиесіне де имандылықтың, ізгіліктің орны бөлек. Қала тұрғындарын имандылық пен ізгілікке баулу жолында аянбай тер төгемін, – деді Ержан Аманбаев.
Өз кезегінде қариялар да ақ батасын беріп, ізгі лебіздерін жолдады.

Есет Досалы,
журналист

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.