Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласы жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

0 273

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдары (ары қарай – ЖАО) 49 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Оның ішінде:
– қағаз түрінде – 5 қызмет (10 %);
– электронды түрде – 44 қызмет (90 %);
2025 жылдың І тоқсанында қала бойынша ЖАО 16 887 мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Оның ішінде:
– электронды түрде – 16 294 қызмет (96,5 %);
– қағаз түрінде – 593 қызмет (3,5 %).
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 3 500 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2025 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 455 түсіндірме жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, І тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2025 жылдың 28 ақпан-14 наурыз аралығында ішкі бақылау жүргізілді.

А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік көрсетілетін қызметті
мониторингілеу бөлімшесінің
басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.