Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 280

2022 жылғы 24 ақпанынан бастап Тараз қаласы әкімінің №59-ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы тағайындалды.

Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы 1976 жылы 23 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Совет ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
1999 жылы Қазақ химия-технология институтын «Экономикалық кибернетика», 2003 жылы Солтүстік Қазақстан заң академиясын «Құқықтану» және 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Саясаттану» мамандықтары бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл аудандық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2001-2004 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің Есіл және Аққайың аумақтық бөлімдерінің сот орындаушысы;
2004-2007 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің бөлім бастығы;
2007-2010 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының Соттар әкімшісінің орындаушылық өндіріс бойынша орынбасары;
2010-2013 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары;
2013-2018 жылдары – Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары;
2018-2022 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы, басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.