Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараптар татуласып, бітімгершілікке келді

0 1  929

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) жасалған құқық бұзушылық бойынша азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, 21.02.2022 жылы құқық бұзушы Т. ұрыс-жанжал шығарып, әйелі К-ның ар-намысына тиетін сөздер айтып, қорлап тиісіп, тыныштығын бұзған.
Төрағалық етуші судья процеске қатысушыларды осы істе татуласу мүмкіндігін түсіндіріп, татуласуға шақырды.
Осылайша сот барысында жәбірленуші құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс өндірісін олардың өзара бітімгершілікке келуіне байланысты тоқтатуды сұрап, жазбаша түрде арызданды, осыған байланысты сот, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс өндірісімен қысқартылуға жатады деп санады.
Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша қозғалған әкімшілік іс өндірісі жәбірленушімен өзара бітімгершілікке келуіне байланысты тоқтатылды.
Соттың қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға Т. әкімшілік жауаптылықтан босатылып, әкімшілік іс жәбірленушімен медиация арқылы бітімгершілікке келуіне және ҚР ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес өндірістен тоқтатылды.

Қамар Усембаева,
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының судьясы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.