Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талдықорғандағы мектеп оқушылары қызды аяусыз соққыға жыққаны видеоға түсірілді

0 1  908

Желіде Талдықорғандағы мектеп оқушыларының бір қызға қысым көрсеткен видеосы тарап жатыр. Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдері видеоға қатысты түсінік берді.

Видеода шамамен мектеп оқушылары бір бөлмеде жиналғанын көруге болады. Видеодағы қыздардың бірі телефонмен сөйлесіп болғаннан кейін қасындағы қыз аяусыз ұра бастайды.

Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, видео 9 қаңтарда Талдықорғандағы Самал ықшамауданындағы пәтерлердің бірінде түсірілген. Оқиғаға қатысты барлық адам анықталған.

«Бәрі кәмелетке толмаған, облыс орталығы мен Қаратал ауданындағы мектептерде білім алады. Жанжалдың себебі анықталып жатыр. Жәбірленуші қыз ресми өкілі әжесімен бірге арыз жазудан үзілді-кесілді бас тартты. Осыған қарамастан, ӘҚБтК-нің 73-1-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Бұдан басқа, қол қойған күдіктілерге арналған материалдар әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның қарауына жіберілді», – делінген Жетісу облысы ПД хабарламасында.

massaget.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.