Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талас ауданында жасөспірімдерді «Pfizer» препаратымен иммундау шарасы жалғасуда

0 97

Талас ауданында 12 жастан бастап 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және емізулі аналарды коронавирусқа қарсы «Pfizer» препаратымен иммундау шарасы жалғасуда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бүгін Талас ауданы Үшарал ауылдық округінде орналасқан Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебінің 2005—2009 жылдар арасында туылған 12 жасөспірім ауылдық амбулаторияда «Pfizer» вакцинасының 1-компонентін қабылдады.
Жалпы екпе алуға Үшарал ауылында ата—аналарының рұқсатымен 15 жасөспірім ниет білдірген. Алайда, алдын—ала дәрігерлік тексеруден өту кезеңінде 3 оқушыда вакцина қабылдауға қарсы себептер анықталды. Қалған 12 оқушы толық тексеруден өтті.
Вакцина қабылдаған оқушылардың ішіндегі ең жасы 12 жасар Әлмахан Ақбаян:
— Мен вакцина салдыруға қарсы емеспін және үйімдегілердің келісімімен салдырайын деп жатырмын. Себебі вацинаны салдыру арқылы біз осы індеттен құтылатынымызға көзіміз жетті.
Екпе қабылдаған жасөспірімдер 30 минут дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қарсы көрсетілімдер анықталмаған соң, үйлеріне қайтарылды.
Жалпы Талас ауданындағы егу пункттерінде қауіпсіздіктің қатаң нормалары, оның ішінде температуралық режим сақталған. Вакцина алған кезде бірінші кезекте пациентті тексеру жүзеге асырылады. Сондай-ақ, дәрігерлер өткен аурулар туралы сұрайды. Температураны, қысымды өлшеу, жұтқыншақты тексеру тікелей жүргізіледі. Сонымен қатар, дәрігерлер вакцина алуға келген адамға немесе оның ата-анасына сауалнама жүргізеді

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.