Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тағзым саған, Таразым!

0 6

Биыл облыс әкімінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаладағы саябақтарда мәдени-спорттық іс-шаралар үзбей өткізіліп келеді.

Шапағат МАМЫТХАН

Атап айтар болсақ, «Мамыр тоғайы» саябағында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында қолөнер көрмесі, Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің алдында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақыры-бында кітап көрмесі мен концерттік бағдар- лама, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Ел тарихы – ұрпаққа үлгі» тақырыбында кітап көрмесі, «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты» атты сенбілік кеш, «Жастар» аллеясында, «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алдында, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде бұқаралық спорттық іс-шаралар, А.Құнанбайұлы, С.Есенин ескерткіші алдында мәнерлеп оқу, әдеби кеш, «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде көрме, концерттік бағдарлама, Тұңғыш Президент саябағында көше билері өткізілді.

Сондай мәдени іс-шаралардың бірі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Туған жерім, тұғырым – Қазақстан» тақырыбында «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде мерекелік концерттік бағдарламасы өткізілді. Концертке қатысуға Төле би атындағы №8 гимназия «Тәуелсіздігім – баға жетпес байлығым» атты кітап көрмесін ала келсе, Керімбай атындағы мектеп-гимназия №№12, 17, 20, 27 орта мектептері мен көркемөнер мектебі көрме жұмыстарын Тараз жұртшылығының назарына ұсынып, рухани сусындатты. Ал Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп пен Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері, «Өрлеу» ән-саз студиясы, «Камер-тон» эстрадалық вокал студиясы мен «Жас Дәурен» үлгілі балалар хореографиялық ансамблі, үлгілі спорттық-балдық би ансамблінің тәрбиеленушілері «Туған жерім, тұғырым – Қазақстан» атты мерекелік концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Жалпы концертке 130-дай тәрбиеленуші және ата-аналар мен педагогтар қатысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.