Жамбыл облысы полиция департаментінің мәжіліс залында «Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара iс-қимылы» тақырыбында семинар-тренинг өттi.

Зере ҚУАНЫШ

Тренингке ҮЕҰ өкілдері мен «Qorgau» жобасының заңгерлері, Жамбыл облысы полиция департаменті басқармаларының, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатысты. ҚР Ішкі істер министрлігі мен «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де қатысты.
Еліміздің өзге де өңірлерінде өткізілген семинар сарапшы-құқық қорғаушыларды түрлі ведомстволық керек-жарақтармен біріктіретін сараптамалық алаң болып табылады. Семинар барысында «Eurasian Expert Counsil» ҚҚ басқарма президентi Шыңғыс Лепсiбаев қатысушыларға мемлекеттiк басқару құрылымы мен мемлекеттiк қызметтiң тарихы туралы айтып бердi. Ал ҚХА төрағасының орынбасары Шерзод Аббозович аудиторияны Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы мен қызметiмен, сондай-ақ Елбасы ұсынған қоғамдық келiсiм моделiмен таныстырды. Жалпы сала мамандары келісім мен татулықты ту еткен этномәдени бірлестіктердің атқарып жатқан жұмыстарына да шолу жасады. Еркін форматта өткен тренингте түрлі сала мамандары тәжірибе алмасты. Семинарға қатысқан барлық сала мамандарына сертификаттар табысталды.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған