Қалалық қоғамдық-саяси газет

Т. Рысқұлов ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

0 670

​Т.Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді.
​Жаңа әлеуметтік нысанның құрылысын «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында «Синдикат групп» ЖШС-сы жүргізді. Жобаға бюджеттен 194,1 млн. теңге бөлінген.
​Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, егу, таңу бөлмелері бар, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған бірнеше кабинет қарастырылған.
​Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында 35 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Олардың материалдық-техникалық жарақтандыру көрсеткіші 92 пайызды құрайды.
​Өткен жылы Қайыңды және Қорағаты ауылында дәл осындай фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілген болатын.
​Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салынады деп күтілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.