Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында лауазымды тұлға 800 мың теңге пара алған

0 420

Түркістан облысы Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты делдалдар арқылы жүйелі негізде медициналық қызметке лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен 800 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады» деп жазылған хабарламада.

Күдіктілер ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.