Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрақтандыру қоры тараздықтарға өнімдерін ұсынды

0 767

Өткен сенбіде Жамбыл даңғылы, 18 мекенжайында орналасқан әлеуметтік базар алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда облыс аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімдерімен қатар «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылды.
Жәрмеңкеде «Тараз» ӘКК» АҚ тарапынан 5 тонна картоп, 4 тонна сәбіз, 2 тонна қырыққабат сатылымға шығарылды. Әлеуметтік тұрақтандыру қоры ұсынған тауарлар бағасы нарық бағасынан төмен болды. Атап айтқанда, картоп – 130 теңге, сәбіз – 95 теңге, қырыққабат 120 теңгеден сатылды. Сонымен қатар жәрмеңкеге әлеуметтік дүкендер желісінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шығарылды. Нақтырақ айтқанда, ұн, нан, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы, тауық еті, сүт, айран, сары май, жұмыртқа, тұз, сүзбе нарықтағыдан төмен бағада сатылды.

Жарқын ӘБДІЖАПАР,
«Тараз» ӘКК» АҚ өңірлік тұрақтандыру
қорының басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.