Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәліптер қоршаған ортаны қорғау үшін көмек сұрады

0 162

«Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық көмек сұрады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Талибан» қозғалысының өкілі Сухайл Шахин елдің климатын қорғау қажеттігін атап өтіп, Ауғанстанды жасылдандыру үшін үлкен жұмыс жасау қажет екенін айтты.

Ол бұрынғы Ауғанстан үкіметі тұсында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қаржыландыруға мақұлданған экологиялық жобалар толығымен іске қосылуы керектігін баса айтты.

«Ауғанстанның климаты нәзік. Бұл жерде көп жұмыс қажет. Жасыл климат қоры, БҰҰ Даму бағдарламасы, Ауғанстанға көмекті мақұлдаған және қаржыландырған климаттың өзгеруіне қатысты кейбір жобалар жұмысын толығымен қайта бастауы керек», – деп түсіндірді Шахин.

Режимнің ауысуына байланысты халықаралық агенттіктердің жұмысы бұзылып, халықаралық донорлардың Тәліп содырларымен жұмыс істеуге құлықсыз екені атап өтілді. Дегенмен, Шахиннің айтуынша, Талибан жобалармен жұмыс істейтін топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Бұған дейін көмек көрсету агенттіктері БҰҰ сарапшылары Ауғанстандағы құрғақшылық климаттың өзгеруінен ушығып кеткенін айтып, 22 миллион адам азық-түлік тапшылығына ұшырауы мүмкін екенін ескерткен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.