Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәліптер Ауғанстанда үйлену тойына жиналғандарды музыка қосқаны үшін атып тастады

0 630

Ауғанстанда «Талибан» радикалды ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) мүшелері тойға шабуыл жасады. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап .

Шабуыл Нангархар провинциясының Шамшпур Мар Гунди ауылында болды. Кешкі уақытта өткен үйлену тойы кезінде музыка қосылған. Тәліптер осы себеп шабуыл жасаған.

Дереккөздің мәліметінше, екі адам қаза тауып, он адам жараланған.

Радикалды қозғалыс өкілдері шабуыл фактісін растап, олардың мерекелік шараға қатысушыларға шабуыл жасағанын, екеуі ұсталғанын атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.