Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт – насихат штабы жұмыс жасауда

0 473

Жамбыл облысында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департамент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт – насихат штабы жұмыс жасайды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Штаб құрамы облыстағы зиялы қауым өкілдері және жастар арасындағы көш басшылар қатарынан құрылған, сондай-ақ, аталған азаматтар ерікті түрде сыбалас жемқорлықты алдын алуға өз септігін тигізуде.

Ағымдағы жылғы мерзімде штаб мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты 250 аса іс-шара ұйымдастырылған.

Ал, «Парасат жолы» жобасы аясында Жамбыл облысында мәдениет өкілдері  мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жалпы саны 380-дан астам ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге облыс бойынша 274 кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.