Қалалық қоғамдық-саяси газет

Судың да сұрауы бар

0 243

Біте қайнасқан қоғам тіршілігі бір-бірімен тығыз байланыста. Мемлекет жүйеге енгізген жұмыстардың түйінінен халықтың атқарып жатқан қызметтері тек өздері үшін екенін білесің. Сондықтан сан саладағы қызметкерлер өз мамандығының шебері болу керек.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Десе де, кейбір жұмысшылардың еңбектері қателесуді кешірмейді. Оқыс басқан бір қадамыңның өзі бүкіл істі басқа арнаға бұрып әкетеді. Біз осы айдарда қаламызда құбырларды жөндеп жиі көзге түсетін, қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған «Тараз су» МКК жұмысымен танысып, бір күнге мамандық өзгерттік.
Мекеменің міндеті жерасты суларын өндіру және қала тұрғындары мен кәсіпорындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, сүзу алаңдарына ағынды кәріз суларын қабылдау және бұру жұмыстарымен байланысты. Алғашқыда учаске болып ашылған мекеменің сумен қамтамасыз ету аймағы бүгінде кеңейді. Қазір тоқсан бес мың жеке, бес мыңға жуық заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Күнделікті өмірде қолданыстағы маңызды дүниелерге аса назар аудармайтынымыз рас. Мысалы, тіршілік көзі аталып кеткен судың да сұрауы бар екенін естен шығарып аламыз. Қарапайым халық еш уайымсыз, күнделікті жұмыс бабымен жүргенде, қаламызды сумен қамтып отырған өндіріс орнының қызметкерлері тіпті түнде де кезекшілік атқарады. Құбырлардың салдарынан туындайтын қиындықтың барлығымен қызметкерлер таныс. Олар мезгілсіз туындаған олқылықтардың алдын алу шараларын жүйелі атқарады. Тіпті ауа райының қолайсыздығына да қарамай, «бес қаруын сайланып» кез келген ақауларды реттеу – олардың міндеті. Мұндайда жұмысшылар тобы халықтың алғысын өздеріне демеу қылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.