Қалалық қоғамдық-саяси газет

Суармалы жер көлемін ұлғайту жалғасуда

0 245

Мемлекет Басшысының облыста суармалы жер көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде суармалы алқаптарды ұлғайту бойынша ауқымды шаралар қолға алынды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

– Бекітілген Жол картасы шеңберінде 2028 жылға дейін 124 мың га егіс алқабын қалпына келтіру жоспарлануда. Халықаралық қаржы институттары арқылы 37,4 млрд теңге бөлінді, 47,5 мың га суармалы алқаптар қалпына келтірілді.

Биыл ИДБ-мен суармалы жерлерді ұлғайту және тасымалдау кезінде су ысыраптарын азайту жөніндегі келісімдер аясында 87 каналды қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын бастап жатырмыз.

Жергілікті бюджет есебінен 9, республикалық бюджет есебінен 3 су қоймасын салу жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2028 жылға қарай суармалы алқаптарды толық сумен қамтамасыз ету, каналдарда тасымалдау кезінде су ысыраптарын азайту және ауыл шаруашылығы өнімін 2 есеге арттыру күтілуде, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ су үнемдейтін технологияларые іске қосу сатысында 2 жоба бар. Олар – каналдар үшін бетон жабындарын өндіру бойынша KAZAKH INDUSTRIAL STROI (ҚХР) және тамшылатып суару өндірісі бойынша KAZKASPI HYDRO (ҚХР) жүйелері. Сонымен бірге өңірде өз өндіріс орындарын ашуға дайын тағы 3 мүдделі инвестор бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.