Қалалық қоғамдық-саяси газет

Stan.kz ақпарат агенттігі “Шаңырақ” республикалық байқауының жүлдегері атанды

0 168

Қазақстан халқы Ассамблеясының “Шаңырақ” республикалық байқауында Stan.kz ақпарат агенттігі жүлделі 3-орын иеленді.

Шығармашылық байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген журналистерден 40-қа жуық өтініш келіп түскен. Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Ассамблеяның құрметті қонақтары қатысты.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов салтанатты түрде ашты. Өз сөзінде ол қонақтар мен қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Ассамблеяның жылдық жұмысына қорытынды баға берді.

“Соңғы 30 жылда еліміз айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты мен халық бірлігінің арқасында”, – деді ол.

Байқаудың негізгі мақсаты – елдегі бейбітшілікті, бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуды БАҚ жұмысы арқылы насихаттау мен дәріптеу. Осы арқылы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру.

БАҚ арасындағы байқауда үшінші орынды Stan.kz ақпарат агенттігі журналисі Назерке Мұса, Қарағанды облыстық SARYARQA TV арнасының редкакторы Виталий Несіпбаев және “Казахстанская правда” газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі Михаил Те иеленді.

 

Екінші орын “Qazaq TV” журналисі Алевтина Мадьярова мен «Azattyq Rýhy» тілшісі Надежда Палинкаға бұйырды.

Бірінші орынды «ҚазАқпарат» ХАА және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ бөлісті. Байқаудың бас жүлдесін «Хабар» Агенттігі» АҚ жеңіп алды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.