Қалалық қоғамдық-саяси газет

Созақ және Сарысу ауданын байланыстыратын жол пайдалануға берілді

0 103

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы 2020 жылы ауданға іс сапары барысында Түркістан облысының Созақ ауданы мен Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданын байланыстыратын облыстық маңызы бар жолмен танысып, жаңа жолдың құрылыс жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген болатын. Облыс әкімінің тапсырмасына сай жалпы ұзындығы 24,6 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары өткен жылы басталды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aimak.com сайтына сілтеме жасап. 

Тапсырыс беруші Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Бүгін облыстық маңызы бар жол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңадан берілген жолдың ашылуына Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов, Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мұхит Тұрысбеков және Созақ ауданы мен Сарысу ауданының ардагер қариялары, БАҚ өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатында Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов пен Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп ризашылығын білдірді. Сондай- ақ Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, Сарысу аданының ардагері Жұмаәлі Орынбаев жолаушылар үшін жолдың маңыздылығына тоқталып алғыстарын жеткізді.
Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-189 «Жамбыл облысы – Шолаққорған- Ащысай» бағытындағы жолдың ұзындығы 24, 6 шақырым, ені 8 метрді құрайды. Жол құрылысын «Шымкентдорстрой» ӨК» мердігер мекемесі жүргізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.