Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкенттегі тәртіпсіздіктерден кейін 3 520 адам ұсталды

0 33

Полиция қызметкерлері Шымкентте тәртіпсіздік болған сәттен бастап 3 520 адамды ұстады, оның ішінде 271 адам әкімшілік қамауға алынды. 40 адамға айыппұл салынды, 55 адамға ескерту берілді, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап сілтеме жасап.

73 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Шымкентте жағдай тұрақты», – деді комендант, қалалық ПД бастығы Ералы Жұмаханбетов.

Полиция қызметкерлері Шымкент тұрғындарын деструктив топтарға ермеуге шақырды. Мегаполистің стратегиялық маңызды нысандарына күзет күшейтілді, ал блокбекеттерде, шығу және кіру жолдарында тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп жатыр.

Шымкент шекарасында жеті блокбекет қойылған. Қауіпсіздік қызметкерлері қаладағы тұрақты жағдайға қарамастан күндіз-түні кезекшілік етеді. Блокбекетте 14 мыңнан аса автокөлік тексеруден өтті, нәтижесінде тоғыз адам ұсталып, екі газ тапаншасы тәркіленді.

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздік барысында 23 бизнес нысаны бүлінген, қазір оның 12-сі қалпына келтірілген. Төрт банкомат, ұялы телефон, киім-кешек дүкендері, тамақтану орындары тоналған. Сондай-ақ, тонаушылар құрылыс нысандарының аумағынан арнайы техника ұрлап, бірнеше автобусты өртеп үлгерген.

Бизнеске келтірілген зиянның жалпы сомасы 226 миллион 595 мың теңгеге бағаланып отыр.

Шымкенттегі тәртіпсіздік барысында бұзақылар 200-ден аса көшедегі бақылау камерасын сындырған. «Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, «Сергектердің» өздері осы сәттерді көрсетіп бере алады.

Әкімдік мәліметінше, камералардың бір бөлігі қалпына келтірілген. Қалғандары бір ай ішінде жұмыс істейді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.