Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте 12 жастағы оқушы ауруханада көз жұмды

0 216

Шымкентте 7-сынып оқушысының жағдайы дене шынықтыру сабағында нашарлап кеткен. Ауруханаға жеткізілген оқушы жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Оқушы №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатта оқыған. 19 қараша күні дене шынықтыру сабағында бала өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Мұғалім оқушыны жеке кабинетіне алып барып, мектеп дәрігерін шақырған. Тексерістен кейін жедел жәрдем қызметіне хабарланған.

Бала аурухана жеткізілген, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

«Ауруханамен байланысқа шығып, оқушымыздың жағдайы туралы нақты ақпарат алғымыз келді. Бірақ 20 қарашада анасына хабарласқанымызда баланың көз жұмғанын білдік. «Жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі» диагнозы қойылған», – деп мәлімдеді мектеп директоры.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.