Қалалық қоғамдық-саяси газет

   Шетелде жүріп ЭЦҚ-ны қалай алуға болады? 

0 87
  Күтпеген жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған, сондай жағдайлардың бірінде сізге ЭЦҚ керек болып қалуы да мүмкін. Бұрын шетелде жүріп ЭЦҚ алу қиындық тудыратын, қазір сіз ЭЦҚ-ны алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне аласыз,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Азаматтарға арналған үкімет порталы қызметіне сілтеме жасап.
Ол үшін сізге:
– NCALayer бағдарламасын орнату
www.pki.gov.kz порталында «жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ» алуға өтінім беру
– жеке ЖСН нөмірін енгізіп, тиісті жолдарды толтыру қажет.
Бұдан кейін консулдыққа барып, сайтта өтініш берген соң қалыптастырылған анықтама мен жеке куәлікті ұсыну қажет. Лауазымды тұлға ақпараттық жүйеде өтінімді растаған соң өтініш жасаған компьютерден www.pki.gov.kz порталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) жүктеп алуға болады.
Бүгінгі таңда бұл қызмет Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдікте қолжетімді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.