Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шер-аға!

0 248

Есіміңдей айбарлы әрі қайратты,
Әр сөзіңде мір оғындай ой жатты.
Кие тұтар сөз өнері қазақтың,
Шерхан атты шұғылалы байрақты.

Мыңбұлақтың мөлдіріне жуынып,
Жуалының жусан иісін сіңіріп.
Таудан шығып, тау тұлғаға айналған,
Тұла бойың тұнып тұрған ұлылық.

Татпағанмен балалықтың бал дәмін,
Алашыңның қыраны болып самғадың.
Қаламыңмен тіл бітіріп ғаламға,
Әдебиетке ғұмырыңды арнадың.

Бастан талай өткізгенмен мұнар күн,
Мойымадың,тағдырыңды құп алдың.
Қазағыңның қасиетін әйгі еттің,
Тайғақ кешкен тар жолымен Тұрардың.

Тіршілікте құлы болмай құлқынның,
Мінбелерде мұңын айттың ұлтыңның.
Мұртазаның ұлы болып күрестің,
Ақиқаттың балталаса мұртын кім!

Ұлдар азда ұлтым дейтін, ел дейтін,
Еңкейместен сақтап қалған ер кейпін.
Арқалаған ақиқатпен ар жүгін,
Шерхан жолы – шындық жолы сөнбейтін!

Айғаным ТҮКЕНБАЙ,
А.Макаренко атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы,
Жамбыл ауданы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.