Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Шаш ал десе, бас алатын» полицейлер жазаларын алуы керек»

0 1  449

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Facebook-тегі парақшасында елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде ереуілге шыққан халық туралы пікір білдіріп, жазықсыз тұтқындалғандар туралы өз ойын айтты.

Оның айтуынша, полицейлер тарапынан да түрлі заңбұзушылықтар болған. Тіпті, азаптаулардан өліп кеткендер туралы ақпарат бар екен.

«Жаңаөзенде басталып, жалпы елді қамтыған ереуілде көшеге шыққан халық бейбіт шеруге ел қамы үшін шықты. Кейін Алматыдан бастап, көп қалаларда бейбіт шерушілерге күмәнді топтар қосылып кетіп, арты қанды бүлікке айналды. Ал енді ереуілге шыққандары үшін ғана жастарымыз жазықсыз тұтқындалып, соққыға жығылып, азапталып  жатқандары туралы көптеген нақты мәліметтер мен видеолар келуде. Әлеуметтік желілерде де жиі жазылуда. Арасында осындай түрмеде азаптаулардан өліп кеткендер туралы да ақпараттар бар. Өткенде жазғанымыздай, біздің «шаш ал десе, бас алатын» полицейлер ереуілшілерді заң бұзбауға шақырған заңгер, әділдік үшін күрескен әйгілі сот істерімен белгілі адвокат Абзал Құспанның өзін де бес күн отырғызып қойғасын, қарапайым халықты қалағанынша түрмеге тоғытқаны анық болып тұр. Тіпті, олардың ішінде митингке қатыспай-ақ, ауруханада өз жарақатымен жатқандарды тұтқындап алып кетіп, түрмеде азаптау қандай заңға, қандай адамдыққа жатады? Мысалы, бізге келген видео-мәліметте шалғайдағы Шардарадан Алматыға жұмыс іздеп барып, үй жөндеумен айналысып жүрген Сүндет Тоғайбайұлы Түрікпенбай қаңтардың 5-і күні түстен кейін Төле би – Байтұрсынұлы көшелеріндегі поликлиникада дәрігерге қаралып, анализдерін алып, үйіне бара жатқанда аяғына оқ тиеді. Қансырап жатқан ол №12 ауруханаға жеткізіліледі. Оны осында емделіп жатқан жерінен 8 қаңтар күні түрмеге алып кеткен. «Алаңда болдым деп мойында» деп ұрып-соққан. Ешқандай митингке қатыспаған, ауруханада жатқан менің балам СИЗО-18 түрмесінде неге жатыр деп көз жасын көл етіп еңіреп, қайта-қайта талып қалып жатқан анасының видеосын көргенде, шыдап тұру мүмкін емес! Әке-шешесі жалғыз сиырын сатып, адвокат жалдап, Алматыда жүр енді» деп жазды депутат.

turkystan.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.