Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығының кепілі – бұқаралық спортты дамытуға жиі көңіл бөліп келеді. Президент өткен жылы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға тоқталып, бірқатар маңызды тапсырма берген болатын.
Бұқаралық спортты дамыту бойынша шаһарымызда да бірқатар жұмыс атқарылуда. Айталық, бүгінде Тараз қаласында 509 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның 361-і – Әулиеата ауданында, 148-і Жібек жолы ауданында орналасқан.
Тараз қаласы аумағында 2025-2026 жылы спорт алаңшаларының салу үшін қажеттілік тізіміне сәйкес, Тараз қаласы Әулиеата ауданында биыл 5 шағын футбол алаңшасы салынады. Олар С.Рахимов көшесі, №47, «Аса» (10) шағынауданы, №43, Қ.Сәтбаев көшесі, №12 «Б», 12 «В», «Жансая» (11) шағынауданы, №43, «Салтанат» (4) шағынауданы, №1, 3 үйлер ауласында орналасады.
Келер жылы 9 шағын футбол алаңшасының құрылысы жүреді деп жоспарланып отыр. Аталған нысандар «Астана» (12) шағынауданы №13, 15, 16, «Қаратау» (2) шағынауданы, №9, 10, 11, 12, «Қарасу» (5) шағынауданы, №5, «Самал» (7) шағынауданы, №18, Рысбек батыр көшесі, №9, №9 «А», С.Рахимов көшесі, №59, №61 «Б», 59 «А», Қ.Сәтбаев көшесі, №16, «Ұлы дала» (15) шағынауданы, №35/1, Жамбыл даңғылы, 9 «А», Қарахан көшесі, №2 үйлердің ауласынан салу көзделуде.
Жібек жолы ауданы бойынша биыл «Құмшағал» алқабы, Ордабасы көшесінің бойында, «Шөлдала» алқабы, «Юбилейное», «Жиделі» алқабы, «Береке» алқабы, Ы.Молдарбеков көшесінің бойында және Талас станциясында 6 шағын футбол алаңшасын салу көзделуде. Ал ауданға қарасты Тараз қаласына қосылған елді мекендердің жер базасына әлі қосылмауына байланысты 2026 жылы шағын футбол алаңшаларын салу бойынша мекенжайларды нақтылау жұмыстары алдағы уақытта жүргізілмек.
Бұдан бөлек ағымдағы жылы қала аумағындағы 12 спорт алаңшасын қалпына келтіру жоспарланған. Нәтижесінде Әулиеата ауданында 7 алаңша – «Денсаулық» саябағы, «Жайлау» (3) шағынауданы, №18 үй ауласы, «Мыңбұлақ» (9) шағынауданы, №21 үй ауласы, «Қарасу» (5) шағынауданы, №8 үй ауласы, Танты ауылы, М.Мәметова көшесі, №1, Шайқорық ауылы, Д.Қонаев көшесі, №19, Қоңыртөбе ауылы, Күлтөбе көшесі, №2 мекенжайларында орналасқан спорт нысандары жөндеуден өтеді. Ал Жібек жолы ауданында 5 алаңша – «Қарасай» алқабы, «Қант зауыты» алқабы, Рафинад көшесі, №2, «Алатау» (8) шағынауданы, №52 үйдің ауласы, Ақбұлым ауылы, Сарыбұлақ көшесі, №8 аумағындағы алаңшалар қалыпқа келтірілмек.
Тараз қаласының спорт саласында ұзақ мерзімді даму жоспарына сәйкес, 2025-2026 жылдарға «Ұлы дала» (15) шағынауданында, 2027-2028 жылдары №14 шағынауданда және 2029-2030 жылдарға №16 шағынауданда спорт кешендерін салу жоспарланған. Қазіргі таңда «Ұлы дала» (15) шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін Ш.Жандарбекова көшесі, №31 учаскесінде көлемі 1,1278 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс басталды. Жұмыстар 2026 жылы аяқталады деп күтілуде. Алдағы күндерде бұл жұмыс өз жалғасын таба бермек.
Аман ЕСЕН