Қалалық қоғамдық-саяси газет

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

0 343

Өскемен-Семей тас жолының 65 шақырымында көлік аударылып қалды. Жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ПД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

36 жастағы ер адам көлікті басқара алмай жол шетіндегі жыраға түсіп кетті. Нәтижесінде 66 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы (46 жастағы әйел мен 23 жастағы жігіт) түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді,

— деп мәлімдейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көлік жүргізуішісі жол жағдайын ескермей көлікті қатты жылдамдықпен айдаған.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 345-бабы 3 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Құқық қорғау органдары тағайындалған сараптама нәтижелеріне байланысты процестік шешім қабылдайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.