Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҰҚШҰ-ның белорус бітімгерлері мінген 10 ұшақ елден кетті

0 157

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) белорус бітімгерлері мінген он ұшақ Қазақстаннан Минск облысына ұшып кетті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Беларусь Республикасының ҰҚШҰ бітімгерлері мінген он ұшақ, Жетіген әуеайлағынан Минск облысына ұшып кетті. Армения Республикасы мен Тәжікстан Республикасының бітімгершілік контингенті де тұрақты пункттеріне Ресейдің Әуе-ғарыш күштері ұшағымен жеткізіледі», – делінген Ресей Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Сондай-ақ, Армения, Беларусь және Тәжікстанның бітімгерлері үйіне қайту үшін «Жетіген» және «Алматы» әуеайлақтарында РФ Әуе-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтарына техника мен жеке құрамды тиеуге кіріскені айтылды.

Бұл ретте Қырғызстан Республикасының бітімгершілік жасағы стандартты техникамен тұрақты орналасу нүктесіне аттанатыны хабарланған.

Бұған дейін Алматыда ҰҚШҰ бітімгерлерін шығару басталғаны хабарланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.