Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шөңгерде жайқалған жасыл бақ

0 517

Т.Рысқұлов ауданының кіре берісіндегі жайқалған жасыл бақ көріністері алыстан көз тартады. Әрине бұл көріністер сырттан келген қонақтардың таңданысын тудырары хақ. Бұл саябақ Құлан ауылдық округіне қарасты Шөңгер ауылында орналасқан алма бақ.
Жалпы, ауданда барлығы 331 гектар аумаққа алма ағаштары отырғызылған. Оның 301,0 га АШТӨ иелегінде болса, 30 гектар үй іргелерінде орналасқан. 150 гектар аумақты алып жатқан қарқынды алма бағы биыл екінші жыл қатарынан жемісін беріп жатыр.
2018 жылы бастау алған жоба «SV AGRO» ЖШС-не тиесілі. Бүгінгі таңда аталған бақта тынымсыз еңбектің, күтіп-баптаудың арқасында ол ағаштар бой көтеріп, жапырақ жайып, мәуелеп тұр. Аталған шаруашылықта шаруашылығына озық технологияларды енгізе отырып, өнім жинайтын кезде ауылдастарын маусымдық жұмысқа тартады. Олардың басым көпшілігі аудан тұрғындары.
Баптай білсең, нәтижесін де көресің. Молшылық пен байлықтың белгісі саналатын шие ағашының жеміс беруі ең алдымен жұмысшылардың еңбегінің арқасы. Бағалай білгенге барын беретін құнарлы жердің берері мол.
Айта кететіні, биыл Т.Рысқұлов ауданында мұнан бөлек 1,7 га аумаққа құлпынай, 30 гектар аумаққа таңқурай, 2,0 га аумаққа қарақат және 156,8 га шие ағаштары өсірілуде. Соның ішінде, 156,8 гектар шие ағашының әр гектарынан орташа 11,4 тонна өнім жиналып, барлығы 178.7 тонна өнімді аудан тұрғындары пайдаланды. Ал құлпынайдың әр гектарынан 36,8 н өнім жиналса,қарақаттан орташа гектарынан 40,6 ц/га өнім жианлған.
30,0 гектар аумақты алып жатқан таңқурай дақылын тамшылатып суару әдісі қолданылуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.