Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің жалғасы болуы мүмкін емес екенін айтты

0 50

ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанда енді жаппай тәртіпсіздіктер өршуі екіталай екенін, жағдай бақылауға алынғанына сенімді екенін айтты, – деп хабарлайды “Jambyl -Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қандай да бір кек алу әрекеті немесе жаңа толқу туралы айта алмас едім. Бұл мүмкін емес екеніне сенімдімін. Өйткені, біріншіден, жағдай бақылауға алынды. Екіншіден, қазір бүкіл оқиғаны, барлық қатысушыны анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылданады. Әрине, осы жағдайдан барлығы – қазақ халқы ғана емес, ел басшылығы да өзінше қорытынды жасады», – деді ол RT-ге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Станислав Зась ҰҚШҰ бітімгерлерінің Қазақстандағы міндеттерін орындағанын бағалап, ұйымның қызметіне қайта өзгеріс енгізудің қажеті жоқ екенін айтты.

«Әрине, бұл – (ҰҚШҰ күштерінің Қазақстандағы жағдайды реттеуге қатысуы – ред.) бәріміз үшін сабақ. Біраз уақыттан кейін тыныш жағдайда осы оқиғаны талдаймыз, өзіміз үшін қорытынды жасаймыз және қажет болған жағдайда түзетулер енгіземіз… Тағы бір мәселе, жұмысымызды қайта реттеудің қажеті жоқ екенін көріп отырмыз. Себебі ҰҚШҰ-да жасалған механизмдер, жүйелер нақты әрі жақсы жұмыс істеді», – деді ол RT-ге берген сұхбатында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.