Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Сезімге толы аккордтар»: Ғашықтар күніне арналған рухани кеш өтті

0 149

15 сәуір – Ғашықтар күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде студенттер мен оқытушылардың қатысуымен «Сезімге толы аккордтар» атты жанды дауыс кеші ұйымдастырылды.

Кеш — саз бен сананың үндестігін, есті буын мен жас ұрпақтың сабақтастығын көркем бейнелеген тағылымды әрі мазмұнды мәдени іс-шара болды. Жанды дауыста шырқалған сыршыл әндер мен жүректі тербеген поэзия көрерменге шынайы эмоция, махаббат пен шабыт сыйлап, ерекше рухани әсер қалдырды.

Іс-шараны ұйымдастырушы ұстаздар — А.Мұқашева, А.Иматаева және Ә.Қуанышбекұлының бастамасымен кеш креативті форматта өтіп, жастар жүрегінен орын алды.

Сонымен қатар Журналистика және филология кафедрасының оқытушылары – ф.ғ.к., доцент Т.Мұқашев пен А.Мұқашева орындаған әсем әндер, айтқан ғибратты әңгіме мен әсерлі естеліктер студенттерге махаббат, сыйластық, отбасылық құндылықтар жайлы ой салып, тәрбиелік мәні зор өнеге ұсынды.

Кеш соңында жүрекке жеткен әр аккорд, әр ән шумағы мен сырлы жыр үшін қатысушыларға алғыс білдіріліп, махаббат пен өнердің мәңгілік мәні тағы бір мәрте айқын көрінді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.