Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сенім жүгі

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде жеңіске жетті

0 421

Президенттік сайлауда дауыс санаудың алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде жеңіске жетті.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды. Сонымен, Қасым-Жомарт Тоқаев – 6 456 392 немесе 81,31 пайыз, Қарақат Әбден – 206 206 немесе 2,6 пайыз, Нұрлан Әуесбаев – 176 116 немесе 2,22 пайыз, Жигули Дайрабаев – 271 641 немесе 3,42 пайыз, Мейрам Қажыкен – 200 907 немесе 2,53 пайыз, Салтанат Тұрсынбеков – 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс жинаған. Сондай-ақ 460 484 қазақстандық немесе сайлаушылардың 5,8 пайызы «барлығына қарсы» бағанын таңдаған. Тағы бір айта кетерлігі, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі 26 қарашада өтеді.
«Сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылғы 26 қараша болып айқындалды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылатын болады.

Egemen.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.