Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сені сүйем»: Алтынай Жорабаеваның күйеуі көпшілік алдында әйеліне сезімін білдірді

0 2  156

Алтынай Жорабаеваның жолдасы Әлішер көпшілік алдында әншіге сезімін білдірді. Әнші алыста жүрген күйеуі екеуі бір-бірін сағынысып қалғанын айтады. Өзі де сезімін көрсетіп, жауап жазды,- «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Шетелде жүрген Әлішер әйелінің суретін желіде жариялап, өз сезімін білдірді. Жорабаева да жауап жазып, көп алдында сағынышын көрсетті.

“Сені сүйем”, – деп жазды әншінің жолдасы.

“Мен де сені сүйем, мәңгілікке”, – деп жауап жазды Алтынай Жорабаева.

Желі оқырмандары бақыт тілеп, өз ойын ортаға салды.

“Бақытты болыныздар. Бір-біріңізге ұқсайсыздар”, “Алтындай Алтынай енді ғана тапты теңін, Алла ұлық!!!”, “Сіздерде бәрі жақсы болсын”, “Тіл-көзден сақтасын”, “Бір-бірлеріңізді жақсы көріңіздер, сағынып тұрыңыздар, бұл сүннет”, “Бәріне бақыт тілеймін, махаббаттарыңыз мәңгілік болсын”, “Жарасып тұрсыздар”, “Түрлеріңі ұқсайды, шын сүйгендер ұқсайды деуші еді”, “Бұлай ел алдында сезім білдірудің не керегі бар?”, “Елге айтқан жасанды секілді көрінеді екен“, –деп жазды олар.

Бұл Алтынай Жорабаеваның екінші некесі. Әнші бірінші жолдасы Сәбит Әбдіхалықпен заңды түрде ажырасып, екінші рет неке құрған еді. Бүгінде қыздарымен бірге бір шаңырақ астында тұрып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.