Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сенат депутаты Владимир Соловьевтің Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір білдірді

0 3  062

Сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Россия 1» телеарнасында журналист Владимир Соловьевтің Қазақстан туралы айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Соловьев бұрыннан әлемнің көптеген елдеріне қарсы пікір айтып жүретіндердің бірі, сондықтан болар қазір санкциялық қара тізімдердің басында жүр», – деді Құл-Мұхаммед.

Ол бұрын да «Россия 1» телеарнасында Соловьевтің Алматыны «бомбалау» туралы ашық ұсынғанын еске алды.

«Жалпы Соловьев өзі жиі артық сөйлеп, өз бағдарламасының қонақтарын шулы мәлімдемелерге итермелейді. Өзін әдепсіз ұстайды», – деп есептейді сенатор.

Ол ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» деген мәлімдемесі біздің елге тікелей қауіп төндіретінін ашық айтты.

Еске салайық, Ресейдің «Россия 1» телеарнасындағы бағдарламада сарапшылардың бірі «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» екенін айтқан. Бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко пікір білдірген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.