Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сауалнамадан 19,6 миллион адам өтті

0 891

8 қараша күні сағат 00:00-де «Халық санағы-2021» аясында жүргізілген нақтылау жұмыстары аяқталды.

Негізгі кезең және нақтылау жұмыстары қорытындысы бойынша сауалнамамен 19,6 миллионнан аса респондент қамтылды. Негізгі кезеңде қандайда бір себептермен санаққа қатыса алмаған респонденттерге арнайы sanaq.gov.kz сайты, «e-Gov» порталы және «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы санақ сауалдарын толтыру мүмкіндігі берілді.
Қазіргі таңда ұлттық статистика бюросы деректерді өңдеуге кірісті.
Жоспарға сәйкес ауқымды іс-шараның алдын ала қорытындылары ағымдағы жылдың желтоқсан айында жарияланатын болады.
Жамбыл облысы мен Тараз қаласына қатысты да халық санағының соңғы қорытындысы желтоқсан айында шықпақ. Десе де, 28 қазандағы нәтиже бойынша шаһар тұрғындарының саны 410 мыңнан асып отыр. Бұл, сөз жоқ, жанға жылу беретін ақпар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.