Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысуда көпқабатты үйден өрт шықты

0 216
19 сәуір 2 сағат 3 минутта Сарысу ауданы ПБ-нің жедел кезекшісі С.Бихожаев Жаңатас қаласы 2-мөлтек ауданы 6-үйінің (5- қабатты Бастилия) шатыры өртеніп жатқандығы туралы хабарлама берді.
Анықталғаны,Жаңатас қаласы 2-мөлтек ауданы 6-үйдің 1,2,3 және 4 подъездерінің шатырында өрт орын алған, өрттің көлемі 720 шаршы метр (үйдің шатыры темір қаңылтыр, астындағы ағаштары жанған).
Өрттен зардап шекендер жоқ, аталған үйдің 4 подъезінің 120 тұрғыны қауіпсіз аймаққа шығарылды.
      Өрт сөндіруге Сарысу ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің арнайы 5-техникасы, Сарысу ауданы Саудакент ауылындағы №16 өрт сөндіру бөлімшесінен арнайы 1-техника, Талас аудандық өрт сөндіру бөлімінен арнайы 2-техника, «ЕвроХим» ЖШС-нен арнайы 1-техника, «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» ТКӨК-нан арнайы 1-техника және 50 өрт сөндіруші қызметкер жұмылдырылды. Жедел жәрдемнен 2 арнайы көлік оқиға орында шақырылды.
      Сонымен қатар, өртке аудандық ПБ-нен 30 полиция қызметкері және жергілікті атқарушы органдарынан 25 қызметкерге жуық адамдар жұмылдырылды.
Өрт 4.50-де өшірілді.
      Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте 40 адамға жатын орын мен тамақтары дайындалды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.