Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысу ауданында жүгіруден эстафета өтті

0 482

Халықтың денсаулығы – ел дамуының маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.Осыған орай бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Жолдауды насихаттау мақсатында «Күзгі кросс» жүгіру эстафетасы өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі .

Дана халқымыз денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып, барлық игіліктен жоғары санаған.

Тіршіліктің нағыз өзегінен алынған «Бірінші байлық – денсаулық» деген аталы сөз осыған дәлел.

Дені сау ұрпақ қана елдің, ұлттың болашағы бола алады.
Адамзатты береке-бірлікке, бейбітшілікке үндейтін де осы – спорт.

Осы орайда, Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдаулар, мемлекеттік бағдарламалар – халықты бұқаралық спортпен шұғылдануға көптеп тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін үндеп келеді.

Елімізде бұқаралық спортты дамыту мақсатында мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда.

Ауданымызда да аталмыш сала назардан тыс қалған емес.

Барлық спорт нысандары тұрғындар үшін қол жетімді.
Саланы қолдауға бөлінген қаржы жылдан-жылға ұлғая түсуде.

Бұл игіліктің барлығы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың қатарын көбейтініне сеніміз мол екендігін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ашылу салтанатында тілге тиек етті.

Сондай-ақ;
– Құрметті эстафетаға қатысушылар!
Бүгінгі ұзақ қашықтыққа жүгіру арқылы Сіздер спортқа бейжай қарамайтындарыңызды жай сөзбен ғана емес, іспен дәлелдедіңіздер!

Дендеріңіз саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!,-деді аудан басшысы.

Эстафетаны аудан әкімі өзі бастап, 15 команда қатысты.

8 шақырым қашықтықта өткен жарыс нәтижесінде 1-орыннан М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясы,
2-орыннан С.Сейфуллин мектебі, 3-орыннан аудандық полиция бөлімі көрінді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.