Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 477
Сарысу ауданы әкімінің өкімімен Мамытов Сакен Үмбетұлы Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мамытов Сакен Үмбетұлы 1974 жылы 29 қазанда Сарысу ауданы, Түркістан ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
1994 жылы Ванновка агроөнеркәсіптік техникумын «ұйымдастырушы-технолог», 2007 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Жаңатас қаласындағы «Жаңатас» нан зауытында технолог болып бастаған.
1998-2000 жылдары «Жаңатас» нан зауытының Вице-президенті, 2001-2011 жылдары Жаңатас әскерилендірілген құтқару взводының құтқарушысы, бөлімше командирі, 2011-2012 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппараты кеңсесінің бас маманы, кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, 2012-2016 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, 2016-2019 жылдары Жаңатас қаласының әкімі, 2019 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Сарысу аудандық мәслихат аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Отбасылы, 5 баласы бар.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.