Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сандарды сөйлеткен саланың ел саясатында алар орны ерекше

0 1  431

Бір ғасыр ішінде Қазақстанның статистикасы қалыптасудың ұзақ және қиын жолынан өтті. Оның тарихы түп-тамырымен тереңге кетеді. Алғашқы қазақ мемлекеті Қазақ хандығы туралы статистикалық деректер шежірелерде айтылады. Тек 1920 жылы ғана елде бірыңғай статистикалық орган Қазақ КСР статистикалық басқармасы құрылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Ел егемендігінің 30 жылдық бедерінде мемлекеттік статистиканы түбегейлі реформалау жүзеге асырылды. Негізгі халықаралық стандарттар мен жіктеулер, көрсеткіштердің жаңа жүйелері мен статистикалық байқау әдістері енгізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік статистикасы заманауи статистикалық жүйелердің барлық міндетті атрибуттарына ие. Олар: заңнама, нарықтық экономикасы бар елдерге тән статистика салалары және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін статистикалық әдістеме. Бүгінде ең заманауи ақпараттық технологияларды енгізу бойынша маңызды бағдарлама іске асырылуда. Атап айтқанда, респонденттерден онлайн режимінде есептерді қабылдау, департаменттің интернет-ресурсының жұмыс істеуі, «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын электронды түрде жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілді. 2015 жылы (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен мемлекеттік статистика қызметкерлері 5 раундқа (МИКО-5) Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу жүргізді. Зерттеудің мақсаты әйелдер мен балалардың жағдайын, отбасы денсаулығын, үй шаруашылығы мүшелерінің сауаттылығы мен білім деңгейін зерттеу болып табылады. Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (МИКО-5), сондай-ақ Мыңжылдық даму мақсаттарына (МДМ) қол жеткізуді қоса алғанда, балалардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаһандық міндеттемелерді орындауда ұлттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша прогресті мониторингілеу құралы саналады.

2017 жылы Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықта, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика жүйесін нығайтуға бағытталған ҚАЗСТАТ жобасы аяқталды. Жобаны іске асыру кезеңінде пайдаланушылар үшін ақпараттық қолдау қызметі құрылды және бүгінде жұмыс істейді. Ұлттық статистика бюросының Web-порталы жаңартылды, барлық өңірлік статистика департаменттерінің веб-сайттары стандартталды, респонденттерге жүктеме төмендетілді, ЖПКЖ (жеке сауал салудың компьютерлендірілген әдісі) және ЖСКЖ (телефон арқылы сауал салу) енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінде ресми статистика ерекше маңызға ие. Бізде бар ақпарат мемлекеттік бағдарламаларды құруға, басқарушылық шешімдерді қабылдауға негіз болып табылады. Статистикалық қызмет жұмысының нәтижелерін басқарушы персонал, бюджеттік және шаруашылық ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың, банктердің қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы, аспиранттар, студенттер, кәсіпкерлер, журналистер, Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтік дамуы туралы ең объективті және терең ақпаратты қажет ететіндердің барлығы пайдаланады.

2021 жылы мемлекеттік статистика органдары онжылдықтың аса маңызды іс-шарасы Үшінші ұлттық халық санағын «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өткізді. Қазіргі санақтың ерекшелігі – алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылды. Халық санағы sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимінде, «Aitu Messenger» отандық мобильдік қосымшасында, «Еgov» порталында өтті. Онлайн санақтан өтпегендерге санақ қызметкерлері 1-30 қазан аралығында сауалнама жүргізді. Дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы болды. Санақ қорытындылары экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты айқындау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланатын болады.
Қазақстандық статистиканың қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңінде оның мамандарының еңбегі алға қойылған міндеттерді шешудегі кәсібилік пен жауапкершіліктің үлгісі болды.

Тәуелсіз мемлекеттің статистикалық қызметі бола отырып, статистикаға қызмет етуде біз өз өмірлерін, тәжірибесі мен білімін арнаған әріптес ардагерлердің даңқты дәстүрлерін жалғастырамыз. Олар: Серік Қазбеков, Бағдат Шайманов, Валентина Козлова, Жамбыл Мүсілімов, Галина Шестакова, Күлпан Әлімбаева, Боран Бегалиев, Алмагүл Жамбаева, Тайғара Тұяқбайұлы, Рахымберді Бейсенбек, Кемпірбай Әбеуов сынды мақтаныштарымыз. Барлық ардагерлерге адал еңбегі мен отандық статистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін тағзым етеміз.
Осы орайда статистика қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, біздің қиын жұмысымызда табыс, сондай-ақ отбасыларына амандық, бақыт, зор денсаулық және үлкен шыдамдылық тілеймін!

Ерназар ҚҰЛТАЕВ,

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.