Қалалық қоғамдық-саяси газет

Саналы ұрпаққа сапалы білім керек

0 784

Президенттің жаңа Жолдауында ел экономикасын дамытудың таяу арада іске асатын бағыт-бағдарлары нақтыланды. Соның ішінде білім беру саласында ең алдымен сапаны жақсартуға көңіл бөлініп отырғаны қуантты.

Нарықтық кезеңде жыл өткен сайын отандық жоғары оқу орындарында оқу ақысының өсіп отыратыны, жасырын емес. Саналы ұрпаққа сапалы білім керек. Ал ол бәсекемен қатар, инвестицияны да қажет ететіні түсінікті. Ал төлемнің артқаны әлеуметтік тұрғыда қолдауды қажет ететін топтар арасында әлеуметтік теңсіздікті туындататыны анық. Міне, сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге қарай, білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайыз аралығында болады.

Сондай-ақ білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі.Бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамда әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түседі.

Жоғары білім алудың қолжетімділігі деген, тағы бір маңызды әлеуметтік мәселенің шеті шығатыны белгілі. Ол – жатақхана жайы. Жасыратыны жоқ, көптеген жеке меншік оқу орындарының жатақханасы жоқ. Ал жалдамалы пәтерлердің ақысын қымбат. Ондай бағаны төлеуге кез келген студенттің мүмкіндігі бола бермейді.

Мемлекет басшысы бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керектігін ескертті. Президент атап өткендей, барлық мәселенің шешімін табуды мемлекетке меншіктеп қоюға болмайды.

Осы түйткілдің шешімін табуы үшін Мемлекет басшысы жеке меншік жоғары оқу орындарына қойылатын талапты өзгертуді тапсырды. Атап айтсақ, мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болу шарт. Президент мұны оқу орындарынан біртіндеп талап ету керек екенін ескертті. Студенттердің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау мүмкіндігін де қарастыру қажет екенін де еске салды.

 

Сапарғали Қарауылбаев ,
Дулати университеті
Қолданбалы информатика және
бағдарламалау кафедрасының доценті

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.