Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сан сауалға – нақты жауап

0 203

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №9 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті. Әуелі округтің бас инспекторы Мақсат Рахымбекұлы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

– Ағымдағы жылы округке қарасты «Арай» алқабында 600 орындық орта мектеп және 200 орындық жекеменшік «Вангард» инновациялық бастауыш білім ордасы пайдалануға берілді. Сондай-ақ Ы.Дүкенұлы, Т.Әшімбаев көшелеріне және Саңырық батыр көшесінің Ы.Дүкенұлы мен Генерал Қыпшақбаев көшелерінің аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынып, Саңырық батыр көшесі жаңғыртылды. Сонымен қатар Қыпшақбаев көшесі орташа жөндеуден өтіп, Н.Әбішев, Фресно көшелерінің бұрылыстарына, Ы.Дүкенұлы, Әшімбаев, Қолбасшы Қойгелді, Н.Гоголь, С.Нұрмағамбетов көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Алатау», «Бәйтерек» (13), «Арай-2» ықшамаудандарында аула жолдары жөнделіп, Н.Некрасов, Ж.Байгісеев көшелері, Фресно көшесінің 9,11 бұрылыстарында, Фресно көшесі, 5-8 бұрылыстар аралығында және «Бәйтерек» (13) ықшамауданында түнгі жарық шамдары орнатылды. Бұған қоса биыл Бәйдібек баба көшесінде – 8, Казаков көшесінде – 4, Байзақ батыр көшесінде – 1, Фресно көшесінің 9-бұрылысы («Жібек жолы» базары маңында) – 2, жалпы саны 15 аялдама қойылып, Саңырық батыр көшесіндегі 6 аялдама жаңа кейіпке енді, – деген М.Рахымбекұлы алдағы уақытқа жоспарланған межелі міндеттерді де тілге тиек етті.
Келесі кезекте тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдады. Округ тұрғындары тарапынан жолдарды жөндеу, жаяу жүргіншілер жолын салу, жол кедергілерін орнату, қоқыс тазалау секілді маңызды мәселелер көтерілді.
Барлығын мұқият тыңдаған шаһар басшысы әр сауалға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен, жоспарға сай өз шешімін табатынын жеткізді.
Бұдан кейін Бақытжан Әмірбекұлы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.