Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сағыныш жырлары кітапқа айналды

0 275

Жамбыл өңірінің жырсүйер қауымы үшін жағымды жаңалық! Киелі Әулиеата топырағында шығармашылық болмысы қалыптасқан жас ақын Жұматай Көксубайұлының тырнақалды жыр жинағы жарық көрді.

Арайлы СЕРІКқызы

«Сағынышымның дауысы» деген атауға ие болған кітапқа автордың іңкәрлік пен ізгі ойларға толы сезім иірімдері жыр болып төгілген.
– Бұл кітаптағы өлеңдер – Тараз мемлекеттік университетінің қабырғасында жазылған жырлар. Атажұрт Қазақстанға деген сағыныш, алыстағы кіндік қаным тамған жерге, ата-анаға деген аңсаудан туған жырлар «Сағынышымның дауысы» деген кітапқа айналған еді, – дейді Жұматай ақын.

Сезімнің селі мен жастықтық жалыны жырға айналған кітаптың алғы сөзін Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып жазған. Бір көргеннен Жұматайдың ақындық табиғатын, аста-төк сезімін, ақ пейілін аңғарған ол жас ақынның болашағына үлкен сенім артқан.
Тараз өзін ақын етіп қалыптастырғандығын жасырмайтын Жұматайдың тұңғыш кітабы оңтүстік астанамыз Алматыда жарық көрді. Жас ақынның жыр патшалығында алғаш қанат қағуы осылайша сағыныштың сырлы әнін сыңғырлатып, оқырман жүрегіне жол табуға жөнелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.