Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сақтанбасаң, өрттен келер қауіп көп

0 408

Таяуда Жуалы ауданы, Қызыларық ауылдық округінде орналасқан №91678 әскери бөлімінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Шараның басты мақсаты – адамдар көп шоғырланған нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, әскери бөлім қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіру.

Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімнің асханасында ас әзірлеу барысында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін әскери бөлім қызметкерлерімен ғимараттан 40 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына өрт сөндіру бөлімшесі жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Шартты өрт туындаған аумақта 1 өрт сөндіру штабы мен 2 өрт сөндіру жауынгерлік бөлімшесі жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер 1 зардап шегушіні өрттен шығарып, аталған әскери бөлімнің медицина қызметіне тапсырды.
Жалпы өрт-тактикалық оқу-жаттығуға өрт сөндіру бөлімінен 1 бірлік негізгі, 1 бірлік арнайы техникалары, сондай-ақ 1 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімнің өрт сөндіру бөлімшесі мен Жуалы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің өзара іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Сондай-ақ тиісті нұсқаулар айтылып, шара жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.

Дариха Үмбетиярова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.